русский

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Міне, 2019-2020 оқу жылы аяқталды. Ол ерекше болды, әсіресе IV тоқсан. Бірақ, біз бірге барлық қиындықтарды жеңдік. Қашықтықтан оқыту үдерісінде тығыз қарым-қатынаста болған педагогтарға, оқушыларға және олардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз. Барлық оқушыларға жақсы демалыс, жазғы күн энергиясымен қуаттанып, күш-жігерді қалпына келтіріп, жаңа күшпен оқуға қайта ұмтылуды тілейміз. Көңілді демалыс, жағымды көңіл-күй, тамаша қарым-қатынас және көптеген жарқын және жаңа шытырман оқиғалар тілейміз

МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 АЖББМИ 2020 жылғы көптеген түлектері мамандық таңдауын анықтады. 10 сынып оқушысы Сағантай Әділ Павлодар Жоғары басқару колледжіне шақыру алды. Әділді «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»мамандығы қызықтырды. Осы мамандықтың негізгі Біліктілігі-техник-бағдарламашы. Әділге табысты оқу тілейміз!

АЛЛАНЫ ЖӘНЕ ВАЛЕНТИНА ВАСИЛЬЕВНАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

1 «Б» сынып оқушысы Шитикова Алла «Желбіре, Жеңіс жалауы!»Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған республикалық сайысына қатысты. Тәрбиешісі В. В. Таранченконың жетекшілігімен «Менің туысым — майдангер»атты эссе жазды. Сайыс қорытындысы бойынша Алла ІІІ дәрежелі дипломмен, Валентина Васильевна алғыс хатпен марапатталды. Мені жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

ҚҰНДЫЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Білім алушыларға өз уақытын тиімді пайдалану маңызды. Жастардың басты басымдығы — өздігінен білім алу. Абай Құнанбаевтың сөзі: «Жалқаулық-әлемдегі бүкіл шығармашылықтың жауы» бұған куә. Баланың тәртібін жоспарлау, қызықты іс-шаралар өткізу, бірігіп шешім қабылдау-ата-аналардың жауапкершілігі. Ата-аналарға балаларды тәрбиелеуде көмек көрсететін ұсыныстар мен кеңестер ұсынамыз.

 

ЖЕҢІС КҮНІ

9 мамыр-көктем мерекесі ғана емес, ұмытылмас, естелік күні-Жеңіс күні. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің үйлеріңізде әрдайым келісім, тыныштық және бейбітшілік болсын. Біздің ардагерлеріміздің ерліктері мен табандылығының арқасында жеңіске жеткеніміз үшін алдарыңызда басымызды иеміз. Тек бейбіт күндер мен ізгі хабар, ашық аспан және әр үйге тыныштық тілейміз. Балалардың күлкісі жердің әр бұрышына таралып, соғыс сіздің өміріңіздің кішкентай бөлігіне де әсер етпесін. Өздеріңізді, бейбітшілік пен үйлесімділікті сақтаңыздар, өмірді бағалаңыздар,өз халқының қасиетті ерлігін қадірлеңіздер! Жеңіс күнімен!

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Отан қорғаушылар Күнімен құттықтаймын! Бұл күн тарихи ерлік жылнамасын және Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жан жылуын, отбасылық амандық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Әрбір күн ашық аспанымен шуақты күнімен және қымбат адамдардың жарқын күлкілерімен қуантсын! Біздің аспанымыз әрқашан ашық, ал елімізде бейбітшілік және тыныштық болсын!

ЕКАТЕРИНА ЖӘНЕ ГУЛЬЖАН ШАЙДУЛИНОВНАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Қазақстанның Қызыл кітабы» атты Азия Education республикалық байқауына «сурет»номинациясы бойынша дефектолог-мұғалім Г. Ш. Ахметованың жетекшілігімен Катя Ефимова қатысты. Екатеринаның суреті «Тау арқар», гуашьпен орындалғаны байқалып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Қатя мен Гүлжан Шайдулиннаны республикалық байқауда сәтті жеңістеріммен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ. КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫ

7 сынып оқушысы Ефимова Катя «Десерттер . Тәтті тағамдар» тақырыбында «картоп пирожныйларын» дайындады. 5 сынып оқушылары Елюбаева Жасмин, Ананьева Настя «бутербродтарды дайындау», «көкөністер мен жемістерден салаттарды дайындау» тақырыбы бойынша аналарының бастамасымен өзінің туған-туыстарын бутербродтармен және өздері дайындаған салаттармен қуантты. Практикалық жұмыстарды орындау барысында барлық гигиеналық ережелер мен қауіпсіздік техникасы сақталған. Қыздар көкөністер мен жемістерді кесу түрінде машықтарын пысықтады. «Көркем еңбек «пәні бойынша мектеп оқушылары мұғалім А. Т. Қаржасбаевамен қызықты және пайдалы тақырыптар игерілуде.

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!

«Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» ММ Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Қазақстан халқының бірлігі күні-ең бірегей мемлекеттік мерекелердің бірі. Ол бізге,яғни полиэтникалық елде тұрып жатқандар үшін ерекше қымбат. Барлықтарыңызға жақсылық пен ашық аспан, бейбітшілік, әр үйге молшылық, денсаулық тілейміз. Сіздерге және Сіздің туыстарыңызға амандық пен береке, біздің туған жерімізде бейбітшілік, келісім және өркендеуін тілейміз!

ДИНАРА НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 АЖББМИ тәрбиешісі Бектимирова Динара Нұрсұлтанқызы «Менің үздік сабағым»атты педагогтарға арналған республикалық конкурсқа қатысты. 20 наурыздан 20 сәуірге дейін өткен конкурстың қорытындысы бойынша Динара Нұрсұлтанқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! Жоғары нәтижелер мен табысты жұмыс тілейміз!