қазақша     русский                                                                 

Үстел теннисі

14 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласына тамаша өнер көрсетіп, Павлодар қаласына келген Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының спортшылары үстел теннисінен облыстық жарыстарға қатысып тағы да жақсы нәтижелер көрсетті. Барлық тұғырды № 1 мектеп – интернат оқушылары алды . Ойын қорытындысы келесідей бөлінді : I орын Елубай Жанболат, Протопопопова Виктория; II орын Алпысбаев Әсет, Майкенова Толғанай және III орын Жакупова Бағлан.
Оқу жылы аяқталғанына қарамастан, балалар күш пен қуатқа толы. Алда бізді жылдың ең орасан зор оқиғасы – «Жұлдызай»халықаралық байқауының финалы күтіп тұр. Жаңалықтарды қадағалаңыз.

Комментарии запрещены.