қазақша     русский                                                                 

Кәсіби ынтымақтастық

15 мамырда Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатына білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінің тәуелсіз сараптама тобының қонақтары келді. Әріптестерін № 1 мектеп — интернат базасында практикадан өтіп жатқан студенттердің тәжірибелік іс-әрекеті туралы сұрақтар қызықтырды. Мектеп басшысы Н. К.Төлемісова қонақтарға ПГПУ-мен ынтымақтастық шарттары туралы айтып, мамандармен бірге студенттердің іс-тәжірибесінде кездесетін материалдық-техникалық базамен және жабдықтармен таныстырды. Мектеп қонақтары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандардың дайындық деңгейін біле алды.
«Анатомия, физиология, дефектология» кафедрасының студенттері көп жылдар бойы бірлесіп ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде әр түрлі бағыттар бойынша тәжірибеден өтетінін еске саламыз. Биылғы жылы 46 студент тәжірибеден өтті, оның ішінде 25 оқу-тәрбие жоспары, 18 психологиялық-педагогикалық бағыт және 3 диплом алды деңгейдегі практика.

Комментарии запрещены.