қазақша     русский                                                                 

«Айналайын»

Міне, демалыс және қызықты оқиғалар кезеңі келді. Бұл уақытты қайда қызықты өткізуге болады? Әрине лагерьде. Сонымен, 27 мамыр күні Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатында «Айналайын»жазғы лагері есігін айқара ашты. Тәлімгерлер балаларға қызықты бағдарлама дайындады. Лагерьде бірінші апта ішінде балалар кинотеатр, ашық аспан астындағы мұражайда болып, спорттық-сауықтыру іс-шараларына қатысып үлгерді. Алда әлі де қызықтар күтіп тұр .

Комментарии запрещены.