қазақша     русский                                                                 

Freshtаң

4 маусым күні «Дала Шабыт» балалар-шығармашылық студиясының жетекшісі И. И. Погирская және Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Аида Жабайханова «Freshтаң» таңғы бағдарламасына Ирбис телеарнасына шақырылды. Тікелей эфирде қонақтар Қазақстандағы жастар жылына арналған XIV Халықаралық «Жұлдызай» фестиваліне қатысудан алған әсерлерімен бөлісті. Аида астанаға бару, басқа елдердің командаларымен жаңа танысу, Президентпен кездесу және қарым-қатынас туралы әңгімеледі. Ирина Ивановна жүргізушіге Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының оқушылары ең белсенді қатысып, фестивальдің гала-концертінде төрт номерде өнер көрсетті.
Ирбис телеарнасының әкімшілігіне және «Freshтаң» бағдарламасына көңіл бөлгені және ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Комментарии запрещены.