қазақша     русский                                                                 

Мектепке жол

2019 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде материалдық және өзге де көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын алу. Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы ең жақсы және бақытты болуы үшін әрбір балаға нақты қамқорлық пен назар аудара алады!

Балаларды мектепке бірге жинаймыз!!!

Комментарии запрещены.