қазақша     русский                                                                 

Акция Менің туым

Қазақстан азаматтарының патриоттық құндылықтарын қалыптастыру жас жастан басталады. Біздің ел халықтарының тарихи өткені мен дәстүрлеріне құрмет, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатында сабақтар мен тәрбие іс-шараларында бекітіледі.
Білім күніне арналған салтанатты жиында мектеп бітіруші сынып оқушылары Толғанай Майкенова мен Данил Краснощеков Қазақстан Республикасының туын көтерді. Балалар жауапты тапсырманы мақтанышпен орындап, жаңа оқу жылына кірісуге дайын.

Комментарии запрещены.