қазақша     русский                                                                 

Даналық Күні

Қалыптасқан салт бойынша 1 қазан күні есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп — интернатына еңбек қызметінің ардагерлері қонаққа келді. Самайларын ақ басқан шаштары, қатаң үлгідегі көйлектері мен мейірімді күлкілері, нақты осы қасиеттерімен көп жыл бойы мектепте еңбек еткен педагог-ұстаздар ерекшеленеді. Қонақтар өздерінің жастық кездерін еске алып, Мұғалімдер күні мерекесі мен даналық күнін бірге қарсы алу үшін туған жеріндей ерекше ыстық ортада кездесті.Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының басшысы Н. К. Төлемісова тәлімгерлерді құттықтап, ұзақ жылдар бойы бақытты, белсенді өмір тіледі. Мұғалімдер мен оқушылар мерекелік бағдарлама дайындады, онда ардагерлерді ойындар, әндер мен шығармашылық нөмірлер күтіп тұрды. Іс-шараның қорытындысы ретінде дастархан басында шай ішу болды, оның барысында қонақтар сөйлесіп, өз өмірі туралы айтып, мектеп туралы жаңа мәлімет алды. Әр ардагерге алғыс пен Құрмет белгісі ретінде шағын сыйлық және мерекеден естелік суреттер табыс етілді.

Комментарии запрещены.