қазақша     русский                                                                 

ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

«М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы» КМҚК көркем бөлімінің шығармашылық ұжымдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберінде есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатына мерекелік концертімен барды. Концертте «Жас дәурен» вокалдық студиясы, «Свет звезды»ән театры қатысушылардың орындауында әндер шырқалды. Сондай-ақ, «Блейз», «Тип-Топ» эстрадалық би студиясының, «Вдохновение» би ансамблі мен «Жұлдыздар» хореографиялық студиясының қатысушылары әсерлі билерді ұсынды. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінде концерттен ең жағымды әсер қалдырды. @hud_otdel жан жылытушы эмоциялар үшін алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!

Комментарии запрещены.