қазақша     русский                                                                 

ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» ММ басшысы Н. К. Тулемисова «интернет конкурстар» халықаралық білім беру жобасы (Мәскеу қ.) ұйымдастырған «БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҮЗДІК БАСШЫСЫ — 2019» Халықаралық қашықтық байқауына қатысты. Байқаудың мақсаты: халықаралық ауқымда тәжірибе алмасу ; білім беру мекемесін басқарудың заманауи жүйелері; білім беру мекемелерінің тиімді жұмыс істейтін басшыларын анықтау, қолдау және көтермелеу; білім беру мекемелерінде нәтижелі озық және инновациялық менеджментті насихаттау. Байқау қорытындысы бойынша Нұрсәуле ҚайЫркенқызы «БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҮЗДІК БАСШЫСЫ — 2019» 1 дәрежелі дипломымен марапатталды. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының ұжымы лайықты жеңісімен құттықтайды, шығармашылық табыс тілейді.

Комментарии запрещены.