қазақша     русский                                                                 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАРЫ

29 қарашада «есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 Арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» ММ — де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары»бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс — шараның мақсаты Қазақстан Республикасының-тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы білім алушыларда түсінік қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу болып табылады. Бірыңғай сынып сағаты аясында тәрбиеленушілер Тұңғыш Президент туралы бейнероликтер, викториналар, блиц-сауалнамалар жүргізді. 5-10 сынып оқушылары Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласын белсенді талқылады. Сонымен қатар, оқушылар әңгіме құрды, Н. Ә. Назарбаев туралы өлеңдер жазды, Қазақстан Республикасының қалыптасуының маңызды күндерін талқылады. Топтарда — ел мен Президентке тілек жасау шығармашылық жұмыс жемісті болды. Іс-шара соңында «М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы» КМҚК әдіскері Жабагина Райхан Магжановна жылы лебіздерімен сөз сөйледі.

Комментарии запрещены.