қазақша     русский                                                                 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІНЕ ҚАТЫСУ

2020 жылғы 9 ақпанда Естай ат. ҚМС Павлодар қаласының ең үздік қолөнершілерінен қайырымдылық жәрмеңкесі және тамаша педагог Погорелова Алла Ивановнаның қолдауына «Жақсылық жаса» концерті өтті. Концерттік бағдарламада Павлодар қаласының үздік шығармашылық ұжымдары: «Фантазия» классикалық би ансамблі, «Сәулетай» вокалдық ансамблі, «Джамбо» эстрадалық би ансамблі, «Матрешки» би студиясы, «Vernissage» сән театры, «Нұр» би ансамблі, «HOLI» спорттық би мектебі, «Juldyzdar» би студиясы өнер көрсетті. «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» ММ-нің мейірімділік, жылылық және қайырымдылылық атмосферасында тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілері де «Ұлы шоумен» нөмірімен концертте шетте қалмады. Алла Ивановна Погореловағатез арада сауығып кетуін тілейміз!

Комментарии запрещены.