қазақша     русский                                                                 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК

2020 жылдың 6 ақпанында «Шахмат үйі» базасында тоғызқұмалақ бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «БЖСМ №1» ашық біріншілігі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының тәрбиеленушілері медаль және грамоталар алды. Фертова Мария (4 сынып), Кабдуллаев Ильяс (4 сынып) I дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ермолаев Егор (4 сынып) — II дәрежелі дипломмен; Бейсхан Канат (2 сынып) III орын алды. Жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта табыс тілейміз!

Комментарии запрещены.