русский

СӘТ САПАР, МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕК!

Соңғы Қоңырау Мерекесі! 11 жыл түлектер, ата-аналар, мұғалімдер жүріп келген оқиға. Мектеппен қоштасуға арналған салтанатты линейканы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының басшысы Нурсауле Каиркеновна Тулемиосва оқу озаттарына құттықтау сөзінен, құттықтау парақтарын табыс етуден бастады. Алғашқы мұғалімдер түлектерді құттықтап, сынып жетекшілері, тәрбиешілері өздерінің тәрбиеленушілеріне соңғы қоңыраудың символы — кішкентай қоңырауларды табыс етті. Мектеп бітірушілердің орындауында әндер, өлеңдер айтылды, мұғалімдер мен ата-аналармен вальс орындалды. Салтанатты линейкада түлектерге аттестаттар табыс етілді. ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР! Ең жақсы болуға тырысыңдар. Табысты болыңдар. Алда-бүкіл өмір. Жолдарыңыз болсын!