русский

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы «Ұлы Жеңіс»қалалық дистанциялық сурет конкурсын өткізді. Мақсаты-соғыс жылдарындағы барлық қиындықтарды жеңген соғыс ардагерлеріне, жеңімпаздарға құрмет көрсету. Сайыс 1-4 сынып оқушылары арасында «Жеңіс күні бала көзімен» тақырыбында және 5-7 сынып оқушылары арасында «Біз — Жеңістің мұрагерлеріміз»тақырыбында өтті. Суреттерді іріктеу кезінде қазылар алқасы суреттің мазмұнын, композициялық құрылысын, бейнелеу шеберлігін, мәнерлілігін, ойдың бірегейлігін, бояуын ескерді. Байқау қорытындысы бойынша есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 АЖББМИ оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 1 «А» сынып оқушысы Назарюк Михаил, Шитикова Алла (1 «А» сынып) және Шегебева Ламина (3 » Б » сынып) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Михаил, Алла (1 «А» сынып), Ламина (3 «Б» сынып) және жетекшілері Валентина Васильевна Таранченко мен ирина Валерьевна Мальцеваны байқаудағы қорытындыларымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!