русский

Республикалық ақпараттық науқан





2020 жылдың 1-12 маусым аралығында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 АЖББМИ Ұлттық ақпараттық науқан шеңберінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»акциясы басталды. Оның мақсаты-балалар еңбегінің мәселелерін жариялау, балалар еңбегін пайдалану туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру,барлық елдерде орын алған балалар еңбегін тыйым салу және оның ең нашар формаларына назар аудару. Балалар еңбегі өте күрделі мәселе болып табылады және бүкіл әлемде балалар құқықтарын пайдалану мен бұзуды сипаттайтын ең маңызды фактор ретінде танылған. Біздің міндет балалар еңбегінің алдын алуға және барлығына білім беру принциптерін ілгерілетуге үлес қосу.