русский

«ЖЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ ШЕҢБЕРДЕ» СЫНЫП САҒАТЫ

2020 жылдың 12 қыркүйегінде 10 сыныпта отбасы күніне арналған «Жылы отбасылық шеңберде» тақырыбында онлайн сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың жақын адамдарына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал ету, отбасына, оның мүшелеріне, олардың қарым-қатынастарына дұрыс көзқарас қалыптастыруға ықпал ету. Сынып сағаты әңгіме түрінде өткізілді, оның барысында отбасының басты міндеті есте қалды. Сынып сағатын өткізу кезінде презентацияны және «мақал жина», «өз шежірең туралы айт», «экстремалды жағдайлар»ойыны сияқты қызықты тапсырмаларды пайдаланды. Іс-шара сәтті өтті, балалар белсенді қатысты.