русский

«Шекарасыз өмір» фестивалі

20-25 қазан аралығында № 1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Шекарасыз өмір» республикалық фестиваліне қатысады. Фестивальдің негізгі мақсаты: шығармашыл дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Фестиваль алты номинация бойынша өтеді. № 1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары 4 топқа қатысады: вокалдық орындау (ишарат айту), би орындау, көркем шығармашылық (кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер), сәндік-қолданбалы шығармашылық. Фестиваль екі кезеңде өткізіледі: бірінші іріктеу (өңірлік) және екінші кезең республикалық, оған өңірлік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!