русский

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БӨЛІМШЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

26 қазанда «Алтын күз»мектепке дейінгі бөлімшесінің әдістемелік бірлестігі апталығы ашылды. Ашылудағы басты қонақ Күздің өзі болды. Балалар күз белгілері туралы айтып, өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, көрмеде балалар «Күз бояулары»тақырыбына өз қолөнерін, суреттерін ұсынды. Спорт нұсқаушысы С.К. Досымханова «спорттық БАҚ»күзгі дене шынықтыру-тақырыптық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: балалардың физикалық денсаулығын нығайту. Сабақта балалар белсенді болды, барлық тапсырмаларды қуана орындады және медальдармен марапатталды.