русский

АШЫҚ САБАҚТАР

27 қазанда дефектолог-мұғалім А.Т. Жәмішеваның «Күздің сыйы»атты ашық жеке сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: күз туралы білімді бекіту. Сабақта баланың жас ерекшеліктері ескерілді. Сабақтың мазмұны, жабдықтары, барлық кезеңдерде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, ауызша, көрнекі әдістерді қолдану таңдалды. Кестемен және карточкалармен жұмыс Сабақтың білім беру мақсатына қол жеткізуге ықпал етті, баланың танымдық қызығушылығын оятты. Тәрбиеші Д. Н. Бектемирова аппликация бөлімі бойынша «Күзгі жапырақтар»тақырыбында сабақ өткізді. Бұл сабақта кіші топтың балалары түрлі-түсті құмның көмегімен дәстүрлі емес әдіспен аппликация жұмыстарын жүргізді.