русский

15 қараша — Ұлттық валюта -теңге күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық валютаны айналымға шығарған ТМД-дағы соңғы елдердің біріне айналды. Қазіргі уақытта теңге мемлекеттік егемендіктің экономикалық негізін нығайтады және Қазақстан аумағында республиканың тәуелсіз ақша жүйесін құрады. Меншікті ақша бірлігінің енгізілуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Үкіметіне дербес экономикалық және ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына қол жеткізу ретінде анықталды.