русский

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні » тәрбие сағаты»

25 қараша күні №1 арнайы мектеп-интернатының бастауыш сыныптарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие іс-шарасы өтті. Мақсаты: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған елі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көбірек білуге деген қызығушылығы мен ынтасын тәрбиелеу. Балалар үлкен қызығушылықпен «балалық шағымның аспаны» фильмін көріп, ҚР Тұңғыш Президентінің өмірбаянымен танысты. «Менің Отаным Қазақстан»викторинасына белсенді қатысты. Тәрбиеленушілер Шығармашылық сағатын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мерекелік ашық хат дайындауға арнады.