қазақша     русский                                                                 

Психолог

Құрметті ата – аналар мен оқушылар!
Біздің мектепте «Сенім поштасы» жұмыс істейді. Әрқайсыңыз сұрақ, тілек, шағым бойынша біздің мектептің мамандары мен басшылығына жүгіне аласыздар.
«Сенім поштасы» бірінші қабатта медициналық кабинеттің жанында орналасқан. Кез келген сұрағыңызға қуанышпен жауап береміз.

Балаларды зорлық-зомбылықтан сақтайық.

Балаларды психолиялық жәбірлеу

Мектептің психологиялық қызметінің жұмысының мақсаты мектеп қызметтерінің психологикалық педагогикалық сүйемелдеу және қолайлы жағдайлар құру, оқушылардың толық психологиялық және жеке басының дамуы.Психологиялық қызметтің басты міндеттері:
— Оқушылардың маңызды даму деңгейін анықтау, «белгілі топ» балаларын әр түрлі қызмет аясында анықтау мақсатымен жыл сайын тексеру өткізу.
— Жеке басының және зиялылық даму мониторингін түзету жұмыстарының тобын құру мақсатымен жыл сайын өткізу.
— 0, 4 және 5 сынып оқушыларына ойдағыдай бейімделуі үшін жағдайлар жасау.
— Мектеп қызметінің жағдайында оқушыларға, ұстаздарға, ата – аналарға психологиялық кеңес беру.
— Барлық оқу – тәрбие үрдісінің қатысушыларына уақтылы психологиялық көмек және қолдау көрсету.
Психологиялық қызмет жұмысы 5 басты бағытта іске асады:
1. Психологиялық алдын алу.
2. Психологиялық ағарту.
3. Психологиялық кеңес беру.
4. Психологиялық диагностика.
5. Түзету – дамыту.

Есту қабілеті бұзылған балалардың тұлғалық ерекшеліктері.

Естімейтін балалалардың тұлғасын әлеуметтік мәселе ретінде зерттеу алғаш рет Л.С. Выготскиймен қойылды,оларды түрлі әлеуметтік- мәнді қызметке қоса арқылы еститін қоғамға тұлғаны қосу жүзеге асырылады.
Есту қызметінің бұзылуы естімейтін тұлғаның дамуына өзінің әсерін тигізеді, әлеуметтік ортада өмір сүруге ерекше жағдай туғызады, тілдесу ортасын азайтып, әлеуметтік байланыстар көлемін шектейді. Есту қызметінің кемшілігі бар адам субъективті өзіне және қоршаған ортасына қатынасы туады.
Тіл дамуының аздығы нәтижесінен еститін құрбыларымен салыстырғанда естімейтін баланың көлемі аз, естімейтін тұлғаның қалыптасуы баяу қарқынмен жүреді.Бұл өмірде танымдық қызығушылықтарының, әр түрлі саласы бойынша мәлімет алғаны жеткіліксіз болғаннан кейін білінеді.
Одан ұзақ уақыт өзін-өзі сәйкес емес бағалау сақталады. Әдетте өзін- өзі бағалау және жолдастарының бағалауы белгілі бір жағдайда болады, көбінесе ұстаз пікіріне тәуелді болады, өзін-өзі бағалаудың сын көзімен қармаушылығы байқалады, жоғары сынып оқушыларында өзін- өзі өсіре бағалау басым болады. Оларда ауытқушылық және ақылға қонымсыз ниеттену деңгейі ерекшелендіреді, өзін –өзі бағалау аса көтеріңкі болады, ол жиі естімейтін оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес келмейді.
Саңырау оқушылардың оқу қызметіне ниеттену деңгейі кіші мектеп жасында көрінеді, жоғары құбылмалылығымен сипатталады.ККөп эмоционалды жағдайлар әлеуметтік – адамгершілік сезімдері саңырау оқушыларға орта мектеп жасына жеткенге дейін бейтаныс болады.
Естімейтін оқушыларда эмоционалды саласының дамуы мәнерлі жағының сөйлеу және музыканың аз қол жетімділігінен, әдебиетке қатыстыруы көп қиындық туғызады.
Саңырау балалардың тілдесуінде пантомима және мимика арқылы эмоцияларын көрсетуін атап кетуге болады.Естімейтін балалармен түзете- дамыту жұмысы үрдісінде адамның эмоциялары мен сезімдерін түсіну жете түсінуі пайда болады.
Есту қабілеті бұзылған адамның өзгешелігі, ерекшелігі оған арнаулы оқыту жағдайын жасауын, оның тұлғасының толыққанды бейімделуі үшін ортасын құруын қажет етеді.