қазақша     русский                                                                 

Педиатр

Медициналық бөлік жұмысы салауатты өмір салтын қалыптастырып, балалардың өмірі мен денсаулығын қалыптастыруға бағытталған.

Мақсаттар:

  • салауатты өмір салтын ұйымдастыру;
  • денсаулықты сақтап, нығайту үшін жағдай жасау.

Міндеттер:

  • оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайту үшін шараларды ұйымдастырып, өткізу;
  • оқушылардың денсаулық жағдайын бақылау;
  • оқушылармен сырқаттар мен жарақаттардың алдың алуға арналған санитарлы – ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқушылармен валеология мен жыныс мәселелері шарттарына сәйкес жыныстық тәрбие бойынша санитарлы – ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • мектептің, жатын бөлмелердің санитарлы жағдайын бақылауға алу.

«Есту қабілеті бұзылған № 1 арнайы білім беру мектеп-интернат» ММ медициналық корпусында дәрігер, медбике, ем шора, егу кабинеттері, екі изолятор, медициналық қалдықтарды уақытша сақтайтын бөлме, дәрілер үшін сөрелер бар. Мектеп-интернатта медициналық көмек тәулік бойы жүргізіледі.

Медициналық штат құрамы: бала дәрігері, дәрігер невропатолог, дәрігер психиатр, 4 медбике. Барлығы да арнайы сертификат пен  балалар мекемесінде көпжылғы еңбек ету тәжірибесіне ие.

Жыл сайын тәрбиелеушілер мен қызметкерлер эпидемиологиялық кезеңде тұмауға қарсы белсенді иммундау шарасы жүргізіледі.

Жасөспірімдерді флюрографиялық тексеуден өткізу жоспары жаңадан келген балаларды қоса алғанда 100%  орындалады.

 

 

Сауықтыру

Мектеп-интернат тәрбиеленушілері үнемі мамандар тексерісінен өтеді. «0» және «1» сыныпқа келген балалар тыңғылықты тексерістен өтеді.

Үнемі   С — витаминдеу үрдісі жүргізіледі.  Жазғы уақытта мектеп — интернат тәрбиеленушілері Баянауыл, Бурабай жазғы лагерьлерінде сауықтырудан өтеді.

Бекітілген жоспарға сәйкес санитарлы ағарту жұмыстары белсенді жүргізіледі: алдың алу әңгімелесулері, оқушылардың  өмірі мен денсаулығын сақтауға арналған шаралар. Балалар спорт секцияларына барып, спорт бойынша өтетін жарыстарға белсене қатысады.