қазақша     русский                                                                 

Дефектолог

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуде дыбыс ұлғайтқыш құрылғыларды қолдану.
Мектепте, балабақшада оқытудың техникалық құрылғыларын пайдалану саңырау және шала еститін балалар жетіспеушілігін түзету маңызды рөл атқарады..
Оқыту барысында жекелей оқыту құқрылғылары пайдаланылады. Әрбір оқушы уақыт өткен сайын ауыстырылып отыратын қалталарға ие. Құрылғылар балалардың жекелей ерекшеліктерін ескере отыра таңдалынады.
Мектеп тональді және сөйлеу аудиометриясын өткізу үшін аудиометриялармен қамтылған.
Есту кабинеті, мектеп залы ұжыммен пайдаланылатын ФМ жүйемен қамтамасыз етілген.
Сурдотехникалық құрылғылар — есту мүкістігін ауыстыратын және адамның қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасайтын арнайы құрылғылар жиынтығы.
ДҰҚ қолдану оқушылардың сабақ мазмұны мен оқ – тәрбиелік іс әрекетін ұйымдастыруға әсер етеді.

Сурдотехникалық құрылғылардың жіктелінуі
Сурдотехникалық құрылғыларға бірнеше жабдықтар мен құрылғылардың топтары жатады:
1. ДҰҚ — дыбысты ұлғайтуға арналған техникалық құрал. Ақырын еститін және шала еститін оқушыларға арналған. ДҰҚ келесідей түрлері бар:
2. Портативті есту аппараты.
3. Жекелей пайдалануға арналған стационарлы есту аппараты бір оқушының естуімен жұмыс істеуге арналған. күшейткіштен, бір немесе бірнеше микрофоннан және бас телефондарынан тұрады. Дыбыс ырғағын реттегіші де бар.
4. Ұжыммен пайдаланатын ДҰҚ – есту кабинеттері мен оқу сыныптарын құрылғыларына арналған микрофонды сынып. Әр орын дыбыс күшейткіштен, бір немесе бірнеше микрофоннан және бас телефондарынан тұрады. Күшейткіш біреу, қажет коммутация педагогте.
5. Индукционды шылбыр. Әдіс электромагнитті жиіліктерді жіберуге арналған, , қабылдау арнайы портативті есту аппараттарымен жүргізіледі.
6. Қатты сөйлейтін аппаратура. Бұл жағдайда да ғимарат отырыс, концерт залдарында дыбыс ұлғайту жүйелерімен қамтылған. Акустикалық қайта байланыс қауіпсіздігі бұл жүйеге арнайы дыбыс ұлғайтқыш қажет етпейді. .
7. Есту аппараты, соның ішінде арнайы қосымша қалталары бар құралдар — электроакустикалық құрылғы, ол үнемі адаммен бірге жүреді, есту қабілеті нашар адамдарға арналған. Оның басты мақсаты — преобразование сигнала, длыбыс ақпаратының көзі шығарған дабылды өзгерту, осы арқылы бұл дабылды есту қабілеті нашар адамммен дыбысты қолайлы ести алуы.

Бағдарламанланған есту аппараты – есту қабілеті бұзылған адамға арналған; оперативті параметрі интерфейс және басқару құрылғысымен электронды бағдарламамен түзетілетін кез келген типтегі құрылғы.
Есту аппараттарының қолданыстағы түрлері:
Баламалы есту аппараттары — өте қуатты түрлі модификациялы, құлақ сыртында; орта қуатты түрлі модификациялы, құлақ сыртында; құлақішілік орта және әлсіз қуаттағы түрлі модификациялы; қалталы өте қуатты түрлі модификациялы;
Сандық есту аппараттары — өте қуатты түрлі модификациялы, құлақ сыртында; орта қуатты түрлі модификациялы, құлақ сыртында; құлақсыртындағы орта және әлсіз қуаттағы түрлі модификациялы. Есту қабілеті жекелей таңдалынылады. Науқасты сапалы еступротездеу есту аппаратын дұрыс таңдау шараларын ұйымадстыруды ғана емес, сонымен қатар есту сөйлеуді түзету жұмысын, есту сөйлеу дағдыларын бекітуді және есту жайкүйі жағадйын үнемі бақылауды қарастырады.

Жарық және дірілдемелі дыбыс дабыл берушілері.
Есту дабылбергіші құрылғыларының түрлі типтері мен түрлері бар:
дабылбергіші құрылғыларының телефону (факс), есік қоңырауына, есту дабылын жарықтандыруға бағытталған;
дабылбергіші құрылғыларын оятқыштарға қосылуға да арналған;-бөлме шамын қосуға арналған телефон дабылы индикаторы; құрылған таратқышы бар бала жылауы жарық дабылбергіші, есік қоңырауының жарық дабылбергіші; жарық индикациялы түтін детекторы.
Жарық және дірілдемелі дыбыс дабыл берушілері ауруы анықталған кезде сөйлеу мүмкіндігі шектелген мүгедектерге беріледі, есту қабілетінің төмендеуіне әкелген жарақат алған кезде беріледі (III, IV дәрежедегі есту функцияларының бұзылуы).
Жасыырнған субтитрлі бағдарламаларды қабылдау үшін телемәтінді телевизорлар, субтитрлі бейнеақпаратты тасушылары — IV дәрежедегі есту функциялары бұзылған немесе еступротездеу мүмкін емес мүгедектерге беріледі.
Мәтіндік бейнесі бар телефон құрылғысы — сөйлеу қабілетін қайтару үшін мүмкіндігі шектелген мүгедектерге, есту қабілетінің төмендеуіне әкелген жарақат алған кезде, IV дәрежедегі есту функциялары бұзылған кезде беріледі.

Дыбысқұраушы құрылғылар.
Дыбысқұраушы құрылғылар (түрлі модификациялы); дыбыс шығару функциялары бұзылған адамдарға арналған; синтезделген сөйлеу құрылғысы (түрлі модификациялы) туғаннан аномалиялы, сөйлеу мүшелері жарақаттанған кезде дыбыс шығару функцияларын қайта қалыптастыру үшін беріледі.
Есту қабілетін зерттеуге арналған түрлі құрылғылар (тональды және сөйлеу аудиметрлері т.т. ). Аудиометрия (синонимі акуметрия) – есту өткірлігін зерттеу.

 

Адам өмірінде тілдесу ерекше орын алатыны бұрыннан мәлім. Сол себепті баланы сөйлеуге үйрету, оған айтылған сөзді түсінуге үйрету маңызды. Біздің оқушылар өздігінен сөйлеуді үйренуін біз білеміз. Сондықтан есту қабілеті дамыту және айтылымды қалыптастыру жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, ең бастысы мұғалімге естуді дамыту ролінің маңызын түсіну қажет.Есту аппараттары естуді дамытудағы басты көмекшісі болып табылады, себебі есту — сөйлеудің негізі, олар бір-бірінен бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланысты: есту қабілетін дамытсақ — сөйлеу жақсарады.
Мұғалім — дефектологтар есту қалдығын дамыту бойынша жұмыс істей қоймай, сонымен қатар дыбыстар, фразалар, сөздерді дұрыс айтқызуды қалыптастырады. Оқушылардың айтылымын бақылау арнайы кестеде оқу жылының басында және аяғында белгіленеді.
Мұғалім — дефектологтың жұмысы өзіне қосады:
Айтылымның ұғынықтылығын тексерудің салыстырмалы талдау

  •  ұяңдануы — қатаңдануы
  •  Айтылымдағы дыбысты қосуы (кыто, супэ);
  •  Ашық және жабық мыңқылдап сөйлеуі
  •  фальцет;
  • Сөзді буындап, кейде әріптеп оқу.
  •  Орфоэпияны сақтамау.

Пәндік апталықтарды өткізу
Осындай апталықтарды өткізудің мақсаты болып:

  •  Есту қабілетін дамыту бойынша білімдерін, іскерлігін, дағдыларын бекіту.
  •  Сөздік қорын молайту;
  •  Айналадағы әлемге қызығушылығын дамыту.
  •  Сөйлеуді, сөйлем мен фразаларды айтуды, тілдесудің үйрену қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
    Тілдік конференциялар.
    Олардың мақсаты:
    1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын белсендіру;
    2. Сөйлеу ұғынықтылығын арттыру;
    3. Балалардың айтылым дағдыларының жағдайын, сөйлеудің ырғақ — екпін жағын, орфоэпиялық нормаларының сақталуын бағалау;