қазақша     русский                                                                 

Оқушылар контингенті

071Оқушылар құрамы Павлодар облысы бойынша есту қабілеті бұзылған балаларды қамтиды.(диагнозы : нейросенсорлы кереңдік). Оқу жылының басындағы оқушылар саны89 баланы құрайды. Сыныптар жиынтығының толымдығы нормативтік, типтік ережелерге сәйкес келеді. (8 адамнан аспайды).
Барлық оқушылар құрамы бойынша әртекті және есту қызметінің жағдайы бойынша, ауызекі сөйлеуінің қалыптасу деңгейімен, жеке( жас ерекшелік, физиологиялық, психологиялық, зияткерлік т.б) ерекшелігімен, білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Осыған байланысты оқу-тәрбие үдерісінде психологиялық -педагогикалық сүйемелдеу жүйесі негізінде, баланың физикалық, эмоционалды, ой, адамгершілігі дамуы үшін оңтайлы жағдай жасайды.Оқушылар бейімделген оқу бағдарламалары және сонымен қоса ПМПК ұсынысына сәйкес жеке даму бағдарламасы бойынша оқытылады.
IMG_5985-300x200