қазақша     русский                                                                 

Педагогикалық ұжым

Педагогикалық ұжым әдістемелік, кәсіби дайындығы жоғары, жоғары әлеуетті және психологиялы құзыретті.
Педагогикалық ұжымда барлығы 58 адам, оның ішінде 7 бастауыш сынып мұғалімі, 27 пән мұғалімдері ( соның ішінде -15 педагогтың арнаулы дефектологиялық білімі бар), 22 тәрбиеші және педагог-психолог.
Барлық педагогтардың сабақ беретін пәндеріне сәйкес базистік білімі бар.
54 педагогтың жоғары білімі бар( 95%), 4 педагогтың білімі орта- арнаулы ( 5%).
Педагогтың кәсібилігін арттырудың басты бағыты болып үнемі курстық дайындық арқылы педагогикалық шеберлікті жетілдіру және біліктілікті арттыру болып табылады.
Осы көрсеткіштер жалпы педагогикалық еңбегін саралап бағалауда, шығармашылық белсенділікті дамытуда оң нәтижесін береді.
58 педагогтың ішінде жоғары санатты – 20 адам, бірінші санатты -13 адам, екінші санатты -14 адам.
Мектептің кадрлық саясатының ең басты артықшылығы болып кадрларды толықтырылғанда арнаулы дефектологиялық білімі бар педагогтарға ерекше назар беріледі. Мектептегі осындай мамандардың саны -16 адам, қазіргі кезде тағы 8 педагог ПМПИ дефектолог мамандығы бойынша білім алуда.
Педагогтардың орта жасы 44 жас – бұл жұмысқа қабілетті, мобильді жас, кәсіби тәжірибелерінің көрсеткіші, бұл өз кезегінде арнайы мектеп жағдайында тиімді жұмыс істеудің негізі болып табылады.