қазақша     русский                                                                 

Түзеу бағытының ӘБ

анализ недели РСВ 2018(1)

Біздің мектептің ең басты міндеттерінің бірі – оқушылардың сөйлеу әдеттерін қалыптастыру, қалған есту қабілетін, танымдылық және ойлағыштық қабілеттіліктерін дамыту, еститін адамдар арасындағы өмірге дайындық және олармен араласып, сөйлесу түзету сабақтарында орындалады.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындау үшін есту қабылдауын дамыту және сөйлеуді қалыптастыру бойынша әдістемелік бірлестік ұстаздары басқа мұғалімдермен өте тығыз жұмыс істейді.
Түзету – дамыту жұмыстары оқушылардың жеке басының сөйлеудің бұзылуын жеңу, моториканы дамыту, артикуляциялық аппаратты сөйлеу бұзылуының клиникалық түріне сәйкес дамыту, сөздің буындық құрамымен жұмыс істеу, фонематикалық есту қабілетін дамытуға, сөздікті байыту және жылдамдыққа беімдеу, оқушылардың коммуникативтік әдістерін дамытуымен жұмыс істеу.
Әрбір әдептің жолдары жүйелік қайталау және жаттығулардан құралады. Естімейтін оқушының сөйлеуі қалай қалыптасатынын көз алдымызға елестете де алмаушы едік, егер жаттығулар жағдайдан жағдайға дейін өткізілсе, белгілі дауыспен істелген жұмыстан нақты пайда шықпаған болса. Міне, сондықтанда оқушылардың сөйлеуіне әрқашан көңіл бөлу керек, оларға дұрыс айтуға көмектесу керек. Бұл фонетикалық жаттығулар өткізгенде, кезекші дауыспен жұмыс істегенде, сөздікпен жұмыс істегенде есепке алынады. Бұл естуді дамыту және сөйлеумен жұмыс істеу тізбегі үзіліссіз болып табылады.
Әдістемелік бірлестік ұстаздарының алдына қойылған тапсырма кеңес беру арқылы жүзеге асырылады, ашық сабақтар, шеберлік жұмыстар, өзіндік оқудан есеп берумен, әдістемелік әдебиеттің жаңалықтарымен танысумен. Отырыс тақырыбының басты сұрақтарын мектеп ұстаздарының ұжымы өздері шешуге тырысады.
ЕҚД және АҚ әдістемелік бірлестігінің отырысы әртүрлі түрде қызықты өтеді, мысалы бірінші отырыс «Шығармашылық сұхбат» түрінде өткізілді.