Әдістемелік бірлестік тақырыбы:
Естімейтін балалардың пәндік әлеуметтік біліктілігін заманауи білім беру технологияларын енгізу арқылы қалыптастыру.
— Оқу үрдісін талдауда.
— Үздік ұстаздар тәжірибесін іс – тәжірибеге жинақтау және енгізу.
— Әрбір ұстаздың шығармашылық ынтасы.
Жұмыс мақсаты:
- Баланың жеке басын дамытуға көмектесетін қолайлы жағдай туғызу және өздерінің табиғи талаптарына және қабілеттіліктеріне сай оқушылардың оқуында және жеке басының дамуына қажеттіліктерін қалыптастыру.
- Ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейлерін олардың біліктіліктерін және жаратылыстану – математикалық бағыт аймағында біліктіліктерін үздіксіз жетілдіру.
Міндеттері:
- Оқушылар үшін жаратылыстану – математикалық бағыт пәндері бойынша білім беруде міндетті минимумды меңгеруге таңдамалы жағдайды қамтамасыз ету.
- Оқығандық деңгейін бақылаудың тиімділігін жоғарылату.
- Сабақ сапасын жоғарылату.
- Оқу үрдісіне білім берудің жаңа негізін және заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу.
- Мемлекеттік стандарттарға сай оқушылардың білім алу сапасын көтеру шараларымен қамтамасыз ету және нөлдік, екі аралық, қорытынды бақылау, әр түрлі деңгейдегі күрделілікпен тестілеу нәтижелерінің талдауын жүйелі жүргізу.
- Оқушылардың білгіштік қызығушылығын оқу үрдісінде дамыту, математикадан, физикадан, информатикадан, биологиядан, географиядан, химиядан сыныптан тыс және мектептен тыс іс – шараларды ұйымдастыруда әлеуметтік көмек көрсету жолымен білім сапасын көтеру.
- Оқушылардың есту және көзбен көріп қабылдауын, сөйлеуін, ықыласын, ақыл – есін, ойлауын және шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту.
- Позитивтік іс – шараларды жүзеге асыруда алынған білімді және дағдыларын қолданудағы тәжірибелерін дамыту.
- Шығармашылық жұмыс істейтін ұстаздар тәжірибесін жинақтау және тарату.