қазақша     русский                                                                 

Мектеп тарихы

%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%b12Әлемдегі ең үлкен
бақыт- бұл адамдардың
бір-бірімен тілдесу бақыты.

Бұл Сент –Экзюпери сөздерінің құндылығын, тек өмір сізді естімейтін адамдар әлемімен танысқанда ғана толық түсінесіз.
«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп- интернаты»ММ іргесі 1959 жылы қаланып, 1995жылы «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған арнаулы №1 түзеу мектеп интернаты» мәртебесі берілді. Мектеп жанында 2002 жылдан бастап 3 жастан 6 жасқа аралығында балаларға арналған мектепке дейінгі бөлім жұмыс істейді.
Қазіргі кезде біздің мектеп – Павлодар облысы бойынша арнаулы жалғыз мектеп.
Біздің педагогикалық ұжым 60 мұғалім және тәрбиешіден тұрады, оның ішінде 97% жоғары білімі бар, педагогтардың 60% жоғары және бірінші санаты иемденген,26 педагог кәсіби шеберлігі үшін мараппаталған, оның ішінде 1- ҚР білім беру ісінің үздігі, 3- БҒМ грамотасымен марапатталған, 2 педагогтың жұмысы облыс әкімімен белгіленді,20 педагогқа облыстық білім беру басқармасының грамоталары берілді.
Мектептің негізгі мақсаты «Саңырау және нашар еститін балаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту» келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• түзеу жұмысы;
• оқу-әдістемелік жұмыс;
• әлеуметтік- психологиялық қызмет көрсету;
• емдеу — алдын алу жұмысы;
• тәрбие жұмысы;
Мектепте балаларды оқыту үшін 25 оқыту сыныптары, спорт залы, асхана, кітапхана, ағаш ұстасы, темір ұстасы, тігін, етік шеберханалары, ырғақ залы, компьютерлік сынып, оқушыларда айтылымды қалыптастыру және есту қабілетін дамыту бойынша жеке оқытуға арналған 3 кабинет, әдемі ұйықтайтын бөлмелер, ойын бөлмелері, кір жуатын бөлмелер, акт залы, медициналық кабинеттер бар. Мектеп аумағында дене шынықтыру сабақтарына арналған үлкен спорттық алаң бар.