қазақша     русский                                                                 

мәңгілік ел

«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы: Қазақстан – болашаққа ұмтылған мемлекет.


2014 жылғы 14 қаңтардағы Жолдауында «Қазақстандық жол — 2050: Бір Мақсат, Бір Мүдде, Бір Болашақ» Елбасы Н.Назарбаев   отандық тарихтағы жаңа концепция «Мәңгілік Ел» идеясын жариялап, түсіндірді.  Шын мәнісінде, бұл бізідң мемлекеттің ұлттық идеясы мен идеологиясы, ол біздің халықтың көпғасырлық арманына ғана емес, Қазақстанның Тәуелсіз жылдар ішіндегі жеткен жетістіктеріне негізделген. Жаңа саяси жағдайда  2014 жылы қабылданған маңызды құжат «Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы» болды. Доктринада көрсетілген ұлттық бірлік принциптері біздің мемлекеттің ұлттық идеясының қалыптасуының негізі болды.  Бұл принциптер:
«Бір ел – бір тағдыр»;
«Түбі түрлі – бірдей мүмкіндіктер»;
«Ұлттық рухтың дамуы».

Бұл туралы Президент өз Жолдауында жақсы айтты:  «Біз қазақстандықтар, бір халықпыз! Баршамызға ортақ тағдыр – бұл біздің  Мәңгілік Ел, біздің абыройлы әрі Ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» — бұл біздің жалпықазақстандық үйіміз, ата-бабалар арманы.

Тәуелсіз дамудың 23 жыл ішінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін, еліміздің болшағының негізі болатын басты құндылықтар құрылды. Олар бекерден алынған жоқ.. Бұл құндылықтар  — уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Біріншіден, бұл Қазақстан Тәуелсіздігі мен Астана.
Екіншіден, бізідң қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім.

Үшіншіден, зиялы қоғам мен жоғары руханилылық.
Төртіншіден, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономика.
Бесіншіден, жалпыға бірдей еңбек қоғамы.
Алтыншыдан, жалпы тарих, мәдениет пен тіл.
Жетіншіден, ұлттық қауіпсіздік пен біздің елдің жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге қатысуы».(ЭКСПО 2017) .

Қазақстанның ұлттық идеясы мемлекеттің ұжымдық еңбегінің, ғылыми қоғамдастық пен азаматтық қоғамның  жемісі. Ол өз бойына қазіргі замандық қазақстандықтардың қасиеттерін,  этникалық және діни, либералды демократиялық қарым қатынастарды жинақтады. Елдің бірегейлігін, оның беркі тұстары мен қазақстандықтардың жақсы қасиеттерін біріктіреді. Сонымен қатар, ол шынайы идеялар мен ұлттық мұраларға негізделген. Бұл ұлтты, оның жекелей бөліктерін біріктіретін, әлем туралы көрінісі беретін, психологиялылық жайлылық пен қорғаныш сезімін сыйлайтын идея. Оның өміршеңдігі мемлекет қызығушылығының  әлемдік қоғамдастықтың  даму векторымен тығыз байланысты.