русский

ТҮЗЕТУ ЦИКЛІ ПЕДАГОГТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

2021 жылғы 4 ақпанда Павлодар облысы педагогтер Қауымдастығы Кеңесінің білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қолдауымен түзету циклі педагогтары қауымдастығы «ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін табысты білім беру ортасы»тақырыбымен диалогтық алаң өткізді. Диалог алаңының мақсаты – Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім беру ортасын табысты іске асыру үшін тәжірибе алмасу, бағыттарды, мазмұнды және технологияларды талқылау және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың табысты әлеуметтенуінің шарты ретінде дамушы білім беру ортасының моделін құру. Диалог алаңына 7 арнайы интернат мекемелерінің педагог-мамандары қатысты. Олар арнайы мекемелерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Келесі педагогтардың сөздерін атап өткім келеді: Ерболат Иманмагзам Ерболатұлы, № 4 ЖОББМ арнайы білім беру ұйымының мұғалімі, Свистич Наталья Валентиновна,№7 ОМИ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Абенова Мирагуль Жексенбиевна, №1 арнайы мектеп-интернаты логопеді, Рыспаева Айгерим Кенжехановна, Ақсу қ.№3 ОМИ психологы, Матаева Айнагуль Серғазиновна,№3 ОМИ бастауыш сынып мұғалімі, Изаева жанар Ермухамбетовна, №1 ОМИ дефектолог-мұғалімі, Қоңырбаева Зухра Серғазиновна, арнайы білім беру ұйымының мұғалімі, №4 ОМИ, Жүндубаева Ботагөз Мукарамовна,Екібастұз қаласы, №6 ОМ бастауыш сынып мұғалімі. Диалог алаңының соңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін табысты білім беру ортасының моделі құрылды.