русский

Мектепішілік бақылауды жоспарлауда тәжірибе алмасу семинары

2021 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «№ 1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ-де онлайн форматында «Қазіргі жағдайдғы мектепішілік бақылауды жоспарлау: түрлері, формалары мен әдістері»тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға Павлодар облысының мектеп-интернаттары басшыларының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

Білім беру ұйымдарындағы инновациялық үдерістерді қолдау және ынтымақтастық шеңберінде интернаттық ұйымдар жағдайында мектепішілік бақылауды жоспарлау бойынша тәжірибе жинақталды. Семинардың барлық қатысушыларына № 1 мектеп-интернатының басшысы Н.К.Тулемисова қошемет көрсетті. Семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті: №1 мектеп-интернаты басшысының орынбасары Василенко Е.Н., №1 мектеп-интернаты басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камардина И.С., №7 ЖОББМ басшысының орынбасары Сарсенова Г. Ф., №6 ЖОББМ басшысының орынбасары Ескендірова А. Т. Қашықтықтан оқыту кезеңінде мектепішілік жоспарлауды ұйымдастыру мәселелері; жаңартылған білім беру мазмұны аясында түрлері, формалары мен әдістері, сондай-ақ әртүрлі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (есту, сөйлеу, көру қабілетінің бұзылуы және т. б.) МІБ ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері қозғалды.) Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.