русский

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН АЙМАҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ОЛИМПИАДА

Көп жылдар бойы Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-сі Новосибирск мемлекеттік техникалық университетімен ынтымақтасады және халықаралық қатысумен жыл сайынғы өңіраралық олимпиадаға белсенді қатысады. Биыл Олимпиада қашықтық форматта өтеді. Мақсаты: «мектепке дейінгі білім беру ұйымы — жалпы білім беретін ұйым — орта кәсіптік білім беру ұйымы — жоғары білім беру ұйымы» кешеніндегі білім беру және оңалту бағдарламаларының сабақтастығын дамыту және жетілдіру, саңырау және нашар еститін білім алушыларды әлеуметтікке бейімдеу және кәсіптік бағдарлау проблемаларын шешу аспектілерінің бірі ретінде есту қабілеті бұзылған білім алушылардың білім беру және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру. 2021 жылғы 27-28 сәуірде балалар есту қабілеті бұзылған білім алушылар үшін бейімделген негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беру ұйымдарының 8-12 сынып оқушылары арасында математика және информатика пәндерінен қатысады. Оқушылар олимпиада деңгейіндегі практикалық және қолданбалы есептерді шешуде өз білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын, олимпиада тапсырмаларын орындауда шығармашылық көзқарасын көрсетеді. №1 мектеп-интернатының басшысы Нурсауле Кайркеновна Тулемисова қатысушыларды Олимпиаданың ашылуымен құттықтап, тамаша жетістіктер, шығармашылық табыстар және сәттілік тіледі. Сондай-ақ Нурсауле Кайркеновна Новосібір мемлекеттік техникалық университетіне шақырғаны және мектеппен ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.