русский

Жеңіс күнімен!

9 мамыр-бізге бейбіт аспан мен лайықты еркіндік сыйлаған барлық адамдарды еске алу күні. Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ жылдар қызықты, бақытты өмір, жарқын болашаққа деген сенімділік тілейміз! Сіздің үйлеріңізде әрқашан келісім мен, бейбітшілік болсын. Жеңісті өздерінің батылдығы мен табандылығымен жақындатқан ардагерлерімізге тағзым. Жас ұрпақты ешқашан берілмеуге, туған елдің абыройы мен егемендігін қорғауға үйреткен ардагерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің аспан әрқашан бейбіт және тыныш болсын!