русский

ЕҢ АЛДЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК!

Бүгін ТЖД қызметкерлері «Айналайын» жазғы мектеп лагеріне баратын балаларға арналған Павлодар қаласының №4 өрт сөндіру бекетінің айналасына экскурсия жүргізді. Бұл іс-шараға балалар үлкен қызығушылықпен, қатты ықыласпен қатысты. Балаларға арнайы техника — өрт сөндіру машиналары көрсетілді. Балалар таңданыспен өрт сөндіру машиналары мен құтқару құралдарына қарады. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіретін түтіктер мен өрт кезінде құтқарушыларға қажет басқа құралдарды көрсетті, олардың мақсаты туралы айтып берді. Біз өрт сөндіру бөлімінің мұражайын араладық, онда балалар жабдықтар, өрт сөндірушілер мен мекеме тарихы жазылған фотоальбомдар, ескі өрт сөндіру машиналарын, көптеген қызықты заттарды көрді. Мұражайда үйдің макеттері ұсынылған, онда өрттің қалай басталатынын және қандай заттар өрттің шығуын білуге болады. №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне осындай қажетті және маңызды экскурсия ұйымдастырып, өткізгендері үшін алғысымызды білдіреміз.