русский

Ерекше білім берілу іне қажеттілігі балаларды әлеуметтендіру мәселесі бойынша диалог алаңы

18 маусымда Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру: жағдайы және жетілдіру жолдары»тақырыбында диалог алаңы өтті. Жұмыс барысында қазіргі білім беру аясында ЕББҚ бар балаларды әлеуметтендірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Пікірталас алаңында үйлестіруші ретінде Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Р. К. Ақанова сөз сөйледі.

Сарапшылар:

— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Е. М. Аязбаев;

— Павлодар облысы білім беру басқармасының Балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Г.Ж. Байгазинова және бас маманы Г.ТЖунусова.;

— Павлодар облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы М. С. Нұғманов және әдіскер С.Т. Жақыпова;

— Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жетекшісі, э. ғ. д., профессор Л. А. Пооп

— Павлодар жоғары Басқару колледжінің директоры А П. Старина

— №1, №4, №7 арнайы мектеп-интернаттарының басшылары – Н.К.Тулемисова. М.М.Насонов, А.Ш. Смайлов қатысты.

Кездесу басында диалог алаңының үйлестірушісі – Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Роза Қабиболлақызы Ақанова кездесудің мақсаты, іс-шараның нысаны және алаңның проблемалық ауқымы туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар «Мүмкіндігі шектеулі отбасылар: балаға тікелей шығындар, Мемлекеттік трансферттер мен қызметтер»әлеуметтік зерттеу нәтижелері мен сондай-ақ, ТжКБ ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендірумәселелерін қозғады. Н.К. Тулемисова № 1 арнайы мектеп-интернатының түлектерін әлеуметтендіру мәселесі бойынша сөз сөйледі, қатысушыларға «Олар жүрекпен естиді»атты мектеп бейнефильмі көрсетілді. Арнайы мектептердегі білім беру үдерісін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі қайшылықтар мәселесіне ерекше назар аударылды. Пікірталасты қорытындылай келе, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары барлық қатысушыларға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, осындай кездесулердің жалғасатынын атап өтті. Диалог алаңының жұмысы кезінде барлық айтылған пікірлер, идеялар мен ұсыныстар негізгі мәселелер бойынша одан әрі қарау және шешу үшін жүйелендіріліп, ресімделетін болады.