русский

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР

№1 АКББМИ-да 0-10 сынып оқушыларына арналған «Электр қауіпсіздігі негіздері» іс-шаралары өтті. Іс-шаралар көрнекі ақпаратты: түрлі-түсті жадынамаларды, бетбелгілерді-сызғыштарды, электр қауіпсіздігінің негізгі ережелері бар жарнама — плакаттарды пайдалана отырып жүргізілді. Кіші сынып оқушылары әңгіме элементтерімен ойын-сауық дәрісі түрінде электр қауіпсіздігі туралы ақпаратпен танысты. Оның барысында электрмен жұмыс істеу қағидаларын естен шығармауға, электр тогының қауіпті ерекшеліктеріне және қауіпсіздік шараларын сақтауға баса назар аударылды. «Электр энергиясы қауіпті болған кезде» бейнеролигі энергия объектілерінің жанындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы алған теориялық білімдерін бекітуге көмектесті. Оқушылар электр энергиясы туралы білімдерін кеңейтіп, бекітті. Электр тогының адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы түсінік қалыптастырды, электр аспаптарымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін бекітті. Педагогтардан алынған электр қауіпсіздігі туралы ақпарат тәрбиеленушілерді бей-жай қалдырмады