русский

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ АЛҒЫС

«№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты» КММ жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысатын Павлодар облысының Төтенше жағдайлар Департаментімен бірге жұмыс істейді. Осы жаңа оқу жылы үшін де бұл аса үлкен ерекшелік емес. ТЖД өкілдері педагогикалық ұжымды, оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, кеңсе жиынтығын сыйға тартты. Қонақтар сыйлық жиынтықтарын тапсырғаннан кейін мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Мектеп басшысы Нұрсәуле Қайыркенқызы Төлемісова және бүкіл ұжым «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ-ге және Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Мейрамбек Қажымаханұлы Батырқұловқа қайырымдылық көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреді. ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖ департаментінің ұжымына сарқылмас күш-қуат, рух сергектігін, кәсіби шеберлікті арттыруды, батылдық пен тапсырмаларды орындауда табандылық тілейміз!