русский

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу мен қалыптастыруда оқушылардың өзін-өзі басқаруы үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылардың өзін – өзі басқаруының мақсаты-оқушының жеке басының дамуына байланысты мектеп оқушыларының мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру. №1 мектеп-интернаттың тәрбие жұмысының жоспарын ескере отырып, жоғары сынып оқушылары кеңесінің жұмыс жоспары жасалды. Жоғары сынып оқушылары кеңесінің кезекті отырысында ұжымдық-шығармашылық істерді дайындау және өткізу жоспары талқыланды. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні сияқты мемлекеттік мерекелерге дайындықты талқылады.