русский

«30 ИГІ ІС»АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «№ 1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты» КММ-де 16 қарашадан бастап 2021 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалғасатын «30 игі іс» акциясы басталады. Акция шеңберінде патриоттық, экологиялық, адамгершілік, көркем-эстетикалық, СӨС және басқа да бағыттар бойынша түрлі іс-шаралар іске асырылатын болады.

Тәуелсіздік пен егемендік – кез келген мемлекет үшін ең басты құндылықтар, ал мейірімділік пен қайырымдылық – әрбір адамның ең маңызды қасиеттері. Қай жерде мемлекеттің құндылығы ондағы азаматтардың рухани қасиеттерімен нығайтылған болса, сол жерде қоғам сергек. Мектептегі әлеуметтік желілердің беттерінде біз өткізілген іс-шаралардың қорытындыларымен бөлісетін боламыз, барлық жарияланымдарды #ҚТ Тәуелсіздігіне 30 жыл хештегімен таба аласыз.

1 2