русский

Ақпараттық-байланыс технологиясын пайдалану.

DSCN4505b2015 жылдың 10 қарашасында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 мектеп-интернатында «Есту қабілеті бұзылған балаларғаарналған оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-байланыс технологиясын пайдалану. Іздеу, мәселелер, оларды шешу жолдары» атты семинар өткізілді.
Семинарда «АБТ пайдалану арқылы орыс тілі және әдебиеті сабақтарында есту қабілеті бұзылған оқушыларды қалыптастыру» атты ұсыныс – баяндамамен орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Қайыргелдинова А.Б. шықты, «Информатика сабақтарында ақпараттық – байланыс технологиясын қалыптастыру» — информатика пәнінің мұғалімі Бабец Н. О. шықты. Семинардың тәжірибелік сағатында дефектолог мұғалімдер Мельникова С. В., Алексеенко А. Н. сөйлеуді түзету үшін жеке сабақтарда ақпараттық – байланыс технологиясын пайдалануды көрсетті. Мектепке дейінгі бөлімдегі тәрбиеші Болибок Н. Н. ақпараттық –денсаулық сақтау тәртібін еске алғанда мектепке дейінгі бөлімде түзету жұмыстарында ұстаздардың ақпараттық — байланыс технологиясын пайдалануын айтты. Жоғары санатты тәрбиеші Буланцева С. В. – балалармен тәрбие жұмыстарында.
Семинар қорытындысын шығара отырып мектеп басшысы Түлемісова Н. Қ. білім үрдісінің сапасын және тиімділігін жоғарылатуға, оның әр түрлі аспектілерінде, білім беруді жылдамдатуды, оқушылардың қоршаған ортаға және болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге тезірек және сәтті үйренуіне мүмкіндік беретінін, білім берудің және оқудың жаңа жолдарын ақпараттық — байланыс технологиясы ашатынын атап өтті.

«Достық» фестивалі!

DSCN4389«Отаным Қазақстан» атты 5-6 қараша күндері №2 музыкалық балалар мектебінде VI қалалық балалар және жасөспірімдер фестивалі өтті. Фестиваль ұйымдастырушылары: Павлодар қ. әкімшілігінің Білім басқармасы және Павлодар қ. МКҚК «№2 БММ» . Фестиваль тақырыбы «Достармен өмір сүру бізге өте қызықты!» Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған еді. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп – интернатының тәрбиеленушілері бес түрлі номенацияда өнер көрсетті.
— Сәндік қолданбалы өнер номинациясында «Фантазия» үйірмесінің (жетекшісі Н.Н.Матющенко), «Өнерпаз» үйірмесінің балалары (жетекшісі Ә.Т.Қаржасбаева) өз жұмыстарын алға тартты.
— Бейнелеу өнерінен «Волшебная кисточка» үйірмесінің балалары өз жұмыстарын көрсетті (жетекшісі Е.В.Краснощекова) .
— «Новая волна» студиясының оқушылары (жетекшісі И.И.Погарская) әділқазылар назарына «Фотограф» күлдіргі ойынды, «Салем Қазақстан» ыммен айтылатын әнді, «Океан» биін ұсынды.
«Осындай фестивальдің көмегімен біздің жас өнерпаздарымыз өз таланттарын көрсетуге, өздерін құлағы еститін балалар қатарында, музыкалық мектеп, орта білім беретін мектептер оқушыларының қатарында, «Жас қанат» конкурсының қатысушылары қатарында тең санауға мүмкіндік алды» — деді мектеп басшысы Нұрсауле Қайркенқызы Түлемісова.

Читать далее«Достық» фестивалі!

«Ата – анамен қалай тату тәтті өмір сүре керек» сұхбат сағаты.

423757 Мектеп – интернатында тәрбиеші Дандыбаева Балқыз Назымбекқызы, мұғалім Погирская Ирина Ивановна, психолог мұғалім Макина Динар Ізбасаровнамен отбасындағы келіспеушіліктерді талқыға салуға арналған біріктірілген сабақтар өткізілді. Отбасы тұлғаның әлеуметтенуінің барлық талаптарына сай, қазіргі күнде баланы тәрбиелеуде көбісі өз міндеттерін атқармайды, соған орай жасөспірімдерге ертеңгі күнге сенімділік бермей және қорғану сезімдерін білдірмейді. Әлеуметтік сауалнама қортындысында үш жасөспірім балалардың біреуі ғана ата – анасымен дауласпайды. Көбінесе жасөспірім қылмыскерлердің айтуы бойынша қылмыс жасаудың ең басты себебі отбасындағыкикілжің және баланың жаман тәрбиесі. Ұсынылып отырған сабақтар отбасы кикілжіңдерінің себеп салдарын және одан шығу жолдарын анықтауға көмектеседі. Сабақта мынадай амал тәсілдер қолданылады : сұхбат, аяқталмаған ұсыныс, күрделі жағдайлар, топпен жұмыс істеу нысандары.

Читать далее«Ата – анамен қалай тату тәтті өмір сүре керек» сұхбат сағаты.

Жалпы мектептік ата – аналар жиналысы.

IMG-20151030-WA0003-300x215Балаларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсету үшін, оқу үрдісін дамыту, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында ата – аналар қоғамдастығын құру үшін 30 қазан күні жалпы мектептік жиналыс өткізілді.
Жалпы мектептік ата – аналар жиналысы бірінші тоқсандағы балалардың қорытынды үлгерімділіктері және оқу — тәрбие жұмыстарындағы жетістіктері талқыға салынды. Психолог мұғалім Д.І.Макина ұялы телефонның пайдасы және зияны туралы толық баяндамамен шықты. Ол радиосәулелердің адамдарда уақытша және білдірмей артериялық қан қысымын жоғарылататын, сонымен қатар бас айналдырып, ұйқыға тартатынын, есте сақтау қабілетін төмендететінін, бірақ сол уақытта адамның интелектуалдық қабілеттілігін арттыратындығын айтып түсіндіреді.

Читать далееЖалпы мектептік ата – аналар жиналысы.

Биологиядан халықаралық олимпиада жеңімпаздары.

20151028_140358-300x225 Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп – интернаты оқушылары 2015 жылдың 26 қазанында «Инфосабақ» жобасында биология пәнінен халықаралық дистанциялық олимпиадаға қатысты. Олимпиада оқушыларға биология пәнінен өз білімдерін тексеруге өте жақсы мүмкіндік берді. Тапсырмалар әр түрлі, күрделі, бірақ қызықты болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. ІІ дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушысы Тәтенова Айжан марапатталды. Ал 6 сынып оқушысы Исаханова Махаббат олимпиада сертификатына ие болды. Биология пәнінің мұғалімі Асқарова Сәулет Темірболатқызы оқушыларды олимпиадаға дайындаған ерен еңбегі үшін куәлікке ие болды.

«Күз келді бізге қонаққа!»

DSCN4083-300x225 22 қазан күні біздің мектепте «Күз келді бізге қонаққа» атты мереке өтті. Мереке мақсаты – тәрбиеленушілердің ізденістерін ұйымдастыру, көңіл күйін көтеру, демалыс, өз қатарындағы балалармен араласу.
Мерекеге балалардың газеттер және «міне бізге күз келді» атты суреттер көрмесі әзірленген. Мерекеде 0-6 сынып оқушылары қатысты. Балалар өздерін шығармашылық жағынан және топпен жұмыс істей алатындарын көрсете білді. Балалар тәрбиешілерінің басшылығымен әр түрлі костюмдер және суреттер дайындап қойды.Мерекеге балаларға өз сұрақтарымен, бағдарламасымен, әрине сыйлықтарымен Күз келді.
Балалар шын мәнінде шын көңілден оның барлық тапсырмаларын орындады, өз таланттарын көрсетті, ал қатал әділқазылар құрамында жоғарғы сынып оқушыларымен (Корман Игорь және Шетько Виталий) ең үздіктерін таңдады.

Читать далее«Күз келді бізге қонаққа!»

Балалар шығармашылық фестивалі.

news19102015-2

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған жалпы білім беретін мектеп-интернаты тәрбиеленушілері 2015 жылдың 5-15 қазанында «Ақ көгершін — 2015» атты балалар шығармашылық фестиваліне қатысты. Бұл ерекше шығармашылық пен шеберлік мерекесі «Екібастұз» балалар қорымен мүгедектер күні қарасаңында жыл сайын өткізіліп тұрады. Мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылығын анықтау, демеу және дамыту.
Мектеп-интернат тәрбиеленушілері әділқазылар алқасына бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша өз туындыларын ұсынды.

Читать далееБалалар шығармашылық фестивалі.

Бір армандағы әртүрлі балалар.

news13102015-1

2015 жылдың 7 қазанында Өскемен қаласында «Бір армандағы әртүрлі балалар» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселелерін талқылайтын аймақаралық форумы өткізілді. Форумда аудандық, қалалық білім беру басқармаларының басшылары, колледж директорлары, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан арнайы білім беру ұйымдарының, инклюзивтік мектептерден өкілдер және Павлодар облысынан — Павлодар қ. есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп – интернатының оқу ісі жөніндегі басшы орынбасары келді.

Читать далееБір армандағы әртүрлі балалар.

Инклюзивті білім беруді енгізу бойыша конференция.

SAMSUNG CAMERA PICTURESНовосібір қаласында 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби дайындық сапасы  және арнайы білім жағдайы» атты тақырыбы бойынша Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік технология және оңалту институтында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.
Конференцияға  Алматы,  Қарағанды  қалаларының өкілдері,  Павлодар қ. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатынан келесі педагогтар қатысты: Алексеенко А.Н., дефектолог мұғалім, Усачева А.Г., орыс тілі және әдебиет мұғалімі, Лягоцкая Е.И., орыс тілі және әдебиет мұғалімі «Есту қабілеті бұзылған балалардың жағымды әлеуметтенуі және бейімделуі»    атты баяндамасымен сөз сөйледі.

Читать далееИнклюзивті білім беруді енгізу бойыша конференция.

«Аман келешек» фестивалінің бас жүлдегерлері!

news30092015-4Павлодар қаласының есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының «Новая волна» студиясының тәрбиеленушілері «Океан» жаңа биімен балалардың «Аман келешек» ІІ мәдени-спорттық фестивалінде бас жүлде иегері атанды. Фестиваль 2015 жылдың 23 қыркүйекпен 27 қыркүйек аралығында Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Фестиваль мақсаты – жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануын дамытуға мүмкіндік беру, салауатты өмір салтын қамтуды насихаттау және инклюзивтік қоғамды дамыту болып табылады. Фестиваль «Аман рух – Аман келешек» атты ұранмен өтті, 3,5 мыңнан астам оқушылар қатысты, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері және де еліміздің барлық аймақтарынан мектеп – интернат балалары болды.

Читать далее«Аман келешек» фестивалінің бас жүлдегерлері!